
Петропавл қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олар – 1971 және 1975 жылы туған петропавлдықтар. Екеуі де үшінші науқаспен қарым-қатынас жасасқан. Бұған дейін екі әйел де үй карантинінде бақылауда болған. Сараптама нәтижесі оң нәтиже көрсеткеннен кейін олар ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайлары тұрақты. Үй-жайларында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Қазір өңірде коронавирус дертіне шалдыққан 5 науқас бар. Олардың барлығы ауруханада. Жағдай бақылауда.
Сурет https://ria.ru/ сайтынан алынды.