«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ 50 БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған “2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы” қаулыға сәйкес үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 50 байқаушы аккредиттелді. Олардың 37-сі – ТМД байқаушылары миссиясынан, 2-еуі – ШЫҰ байқаушылары миссиясынан, 4-еуі – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ, екі байқаушыдан – Латвия Республикасы, Румыния мен Украинадан, бір байқаушы – Эстония Республикасынан.

Осылайша, 2015 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі мен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 32 шет мемлекеттен 452 байқаушыны аккредиттеді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 134 өкілін аккредиттеді.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp