«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАЙЛАРЫНА ТАТЫМАПТЫ

Шал ақын ауданында нөмірлік белгісі болмауына байланысты автопатруль тоқтатқан «МТЗ-82» тракторы полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды. Себебі, бір заң бұзушылығы аз болғандай, 48 жастағы жүргізуші мас екені анықталды. Қимыл-қозғалысы бұзылған ол медициналық куәландырудан бас тартты. Тракторшы былтыр күзде 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған екен. Енді ол ірі мөлшерде айыппұл төлеуі, немесе 5 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ өмір бақи көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Жамбыл ауданында Қостанай облысының 49 жастағы тұрғыны «Volkswagen Caravelle» автокөлігінің рөліне ие бола алмай, аударылған. Ол да мас болып шықты. Ауруханаға жатқызылған жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін бұған дейін екі рет жауапқа тартылған. Екінші рет жазаға кесілгеннен бері бір жыл да өте қоймапты.
Жыл басынан бері өңір полицейлері сотқа мас жүргізушілерге қатысты 36 іс жолдады. 13 жүргізушінің бас бостандығы шектелді, үшеуі жазасын түзету мекемелерінде өтеуге, екеуі қоғамдық немесе түзету жұмыстарына тартылды. Олардың барлығына өмір бойы көлік басқаруға тыйым салынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp