«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңдайларына татымапты

Шал ақын ауданында мемлекеттік нөмірі болмауына бай­ла­нысты автопатруль тоқтатқан “МТЗ-82” тракторы по­лиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды.  Себебі, нөмірсіз жүргені аздай, 48 жастағы жүргізуші мас болып шықты.

Алайда, ол медициналық куә­лан­дырудан бас тартты. Трактор­шы былтыр күзде 3 жылға көлік бас­қару құқығынан айырылған болатын. Енді ол ірі мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бақи көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Жамбыл ауданында Қостанай облысының 49 жастағы тұрғыны “Volkswagen Caravelle” автокөлі­гі­нің рөліне ие бола алмай, ауда­рылған. Оның да мас екені бел­гі­лі болды. Ауруханаға жатқы­зылған жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін бұған дейін екі рет жауапқа тартылғаны анықталды. Екінші жазасынан бері бір жыл да өте қоймапты.

Жыл басынан бері өңір поли­цей­лері мас жүргізушілерге қа­тыс­ты сотқа 36 іс жолдады. 13 жүр­гізушінің бас бостандығы шек­тел­ді, үшеуі жазасын түзету ме­кемелерінде өтеуге, екеуі қоғам­дық жұмысқа тартылды. Олар­дың барлығына өмір бойы көлік басқаруға тыйым салынды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және

сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp