«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАУЛЫЛАР ҚАТАРЫНДА

Жуырда “Елбасы медалі” жобасын іске асыру шеңберінде дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау көрсетуде барынша белсенділік танытқан ауыл мектептеріне талдау жүргізіліп, олардың арасынан Аққайың ауданындағы №1 Смирнов орта мектебі үздік деп танылды.

“Елбасы медалі” жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Негізгі ұйымдастырушы­лары Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы академиясы. Ұлттық деңгейдегі бірегей жоба 14-29 жас аралығындағы қазақстан­дық­­тарды қоғам өміріне белсен­ді­лікпен тартуды, өзін-өзі да­мы­туға үйретуді, саламатты өмір сал­тын ұстануды, білімді де креа­тивті жастар қатарын көбейтуді көздейді. Бір жылдың ішінде рес­публика бойынша 20 мыңнан ас­там жасөспірім бағдарламаға тар­тылып, 3920-ы қола, 8-і күміс ме­дальмен марапатталды. 84 үміт­кер бағдарламаны аяқтағаны жө­нінде сертификат алды.

Биыл “Елбасы медалі” иегер­лерінің 605-і грант жеңіп алып, жоғары оқу орындарының сту­ден­ті атанды. Солардың үштен бі­рі – ауыл балалары. Қатысушы­лар спорт, таланттар мен дағды­лар, кітап оқу, ұлттық мұра, ерікті­лік, экспедициялар мен жорық­тар, еңбек тәжірибесі секілді 7 ба­ғытта өз шеберліктерін шыңдай­ды, білімдерін көтереді. Олардың қатарында мерекелік іс-шаралар, қайырымдылық акциялар ұйым­дастыруға жүйелі түрде атсалы­сатындар қатары аз емес.

Өңірде 292 қатысушы қола ме­дальға, соның ішінде 29-ы мем­ле­кеттік білім грантына ие болды. Қазір “Елбасы медалі” бағдар­ла­масына 404 жас қатысуда. 258-і қола, 70-і күміс медальға үміткер. Жергілікті бағдарламаның жұмы­сын 19 тәлімгер, 2 сарапшы үй­лестіреді.

Елбасы академиясы корпора­тивтік қорының көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы Айгүл Қуатова мен “Елбасы ме­далі” жобасының менеджері Әсел Кисаева №1 Смирнов орта мектебіне арнайы барып, ұстаз­дар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. Бағдарлама тапсыр­маларын үздік орындаған оқушы­ларға “Елбасы медалін”, ал мек­тепке 2 млн. теңгенің сертифика­тын салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұл білім ордасында 12 оқушы бағдарламаны сәтті аяқ­тап, қола медаль иеленді. Ал осында еңбек ететін ұстаз Дина­ра Ғаппасова бағдарлама­ның ал­тын деңгейіне әзірленуде. Тағы 13 оқушы барлық тапсырма­лар­ды орындап, комиссия шешімін күтіп отыр. “Ауыл мектептерінің ара­сында ең жоғары көрсеткіш­терге жеткендеріңіз Қызылжар өңі­рінде жобаның сәтті жүзеге асып жатқанын айғақтайды. Ал­да­ғы уақытта алтын және күміс жүл­делерге ие болады деген се­німдемін”, – деді Айгүл Қуатова.

Болатхан ЖҮСІПОВ,

облыстық әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp