“Ас – адамның арқауы” деген сөз тегін айтылмаған. Дәмді әрі пайдалы тағам адамның еңбекке қабілеттілігін шамамен 30 пайызға арттырады. Бұл зерттеулер арқылы дәлелденген.
Кей кездері артық салмақтан қорқатын адамдар таңертең тамақ ішпеуге тырысады. Бұл дұрыс емес. Өйткені, адам таңғы асты ішпесе, керісінше, салмақ жинайды. Мұның мәні мынада: адам ұйықтап жатқанда заттар алмасуы баяулайды да, тамақтанған соң ағза аз калорий өңдейді. Ал ішсеңіз, керісінше, әсер береді. Оған қоса таңғы қуат көзінен айрылған ағза әлсіреп, түскі ас кезінде калорияны екі есе артық жинайды. Түсте қарныңыз қатты ашып, тамақты шамадан артық жеп қоюыңыз мүмкін.
Ең тамаша таңғы ас – ботқа. Ол тәніміздегі қалдықтарды сыртқа шығарады. Сүт өнімдерін де назардан тыс қалдырмаңыз. Ал қуырылған жұмыртқа мен шұжықты барынша сирек жеуге тырысыңыз. Оның пайдасы шамалы.
Ақжайық ӘЛІМЖАНОВА,
саламатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының валеологы.