Beeline карантин мен төтенше жағдай кезінде қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тарифтік жоспарларын қолданушылар тегін минуттар мен интернет трафикке ие болды.
«Коронавирус індетіне байланысты елімізде карантин мен төтенше жағдай жарияланып отырған кезде, қазақстандықтарды құр сөзбен емес, нақты іспен қолдауға бел будық. Адамдарға, әсіресе қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу қолымыздан келеді. Олардың адамдармен тікелей байланысын азайтып, телефон арқылы хабарласуын қамтамасыз ете аламыз», – деді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Ашық дерек көздерінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 2 миллион адам зейнет жасынан асып кеткен. Арнайы солар үшін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2016 жылы «Әлеуметтік» тарифтік жоспары ашылған болатын. Төтенше жағдай кезінде тарифтің барлық абоненттеріне 30 сәуірге дейін 300 минут трафик пен 30 ГБ интернет трафик автоматты түрде берілді. Осындай топтама есту мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Хабарласу» тарифтік жоспарының абоненттеріне де ұсынылды.
Бұған дейін Beeline шетелдерде жүрген қазақстандықтарға тегін байланыс топтамаларын беріп, сондай-ақ карантин кезіне көрермендерге ТВ топтамаларын толық ашқан болатын.
«Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тарифтік жоспарларының шарттары мен жинақтары туралы толық ақпаратты www.beeline.kz сайтынан білуге болады.
Сурет https://www.protarif.info/ сайтынан алынды.