Петропавл тұрғындары кепілдендірілген көмек бойынша мемлекеттен бөлінетін дәрі-дәрмектердің уақытылы берілмейтініне шағымдануда. Зейнеткерлер қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың жұртшылық алдында қорытынды есеп беру кездесуінде тегін берілуі тиіс препараттарды өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр болып отырғандарын айтты. Осы мәселеге қатысты жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәриям Бапанова қажетті препараттар қоры толық екенін, келесі аптадан бастап беріле бастайтынын айтты. Есептік кездесуге қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов аталған мәселені толық бақылауға алып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қатаң жаза қолдануды тапсырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
															
																Share on facebook
							
																						
					
																			
										Facebook									
																	
													
															
																Share on telegram
							
																						
					
																			
										Telegram									
																	
													
															
																Share on whatsapp
							
																						
					
																			
										WhatsApp									
																	
													Соңғы жаңалықтар
- 31.10.2025
- 0 қаралым
- 31.10.2025
- 0 қаралым
- 31.10.2025
- 0 қаралым
- 24.10.2025
- 10 қаралым
- 24.10.2025
- 2 қаралым
 
								