«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында (ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 15 желтоқсанындағы №2136 қаулысы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына тегін стоматологиялық көмек төмендегі емдеу мекемелерінде көрсетіледі:

– “Облыстық балалар стоматологиялық емханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Абай көшесі, 43 а. тел.: 37-24-59).

– “Қалалық әйелдер консультациясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Рига көшесі, 102, тел.: 51-56-61).

– “№2 қалалық емхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ю.Васильев, 123, тел.: 33-03-60).

– “№3 қалалық емхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Юбилейная көшесі, 7а, тел.: 50-73-41).  

– “Данара” ЖШС (Астана көшесі, 11, тел.: 33-59-01).

– “Юди – Дент” ЖШС (Мир көшесі, 121, тел.: 54-12-96).

– “Стоматология” ЖМ (Қазақстан Конституциясы көшесі, 12, тел.: 46-51-51).

Осы қаулының негізінде стоматология жөніндегі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіліміне мыналар кіреді:

1. Шұғыл стоматологиялық көмек тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар; 1 және 2-топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар; ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша созылмалы ауру-сырқаудың ауыр түрлерімен науқастанған азаматтар; жасы келген зейнеткерлер; жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелетке толмай, жетімдік тауқыметін тартқан, 29 жасқа толмаған жасөспірімдер. Мұндай азаматтар әскерге шақырылған жағдайда мерзімі әскер уақытына дейін шегеріледі; оралмандар; экологиялық, табиғи төтенше және техногенді жағдайларда тұрғын үйлерінен айрылған азаматтар; көпбалалы отбасылар; мемлекеттік, қоғамдық, әскери қызметтерін атқарған тұсында, адам өмірін сақтау немесе қоғамдық тыныштықты қорғау кезінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелері; толық емес отбасылар) тиесілі.

2. Жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодондық және ортопедиялық көмектен басқа) 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге, тіс экстракциясын қоса, препарация жасау және композиттік материалдан пломба салу, сондай-ақ, туабітті жақ-бет аумағында патологиясы бар балаларға ортодондық көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік қорғалмаған азамат мәртебесін растайтын құжат өзімен бірге болуы тиіс.

 

Дария ГИРИЦИАН,

облыстың штаттан тыс

бас тіс дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp