«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ХАБАРЛАСУ МҮМКІНДІГІ БАР

Учаскелік инспекторлар Петропавл қалалық полиция басқармасы мен “Қазақтелеком” АҚ-ның бірлескен жобасын жүзеге асыруда. Жаңа жоба аясында қала тұрғындары өздерінің учаскелік инспекторларының ұялы нөмірлеріне үйдегі телефондарынан тегін хабарласа алады. Ол үшін тәртіп сақшысының телефон нөмірінің соңғы 6 санын білсе болғаны. Қазір “Учаске” жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер үй-үйді аралап, өздерінің телефондары жазылған парақшалар таратып жүр.

Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы Әлібек Ғабдулиннің айтуынша, бүгінгі күні 73 учаскелік инспектор қалалықтармен тығыз байланыс орнатқан. “Инспекторлар кезекті еңбек демалысына кеткен кезде ғана ұялы телефондарын сөндіреді. Бұл жоба тұрғындардың полицейлермен тегін әңгімелесуіне, түйінді мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Бізге де, қалалықтарға да ыңғайлы”, – деді ол.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp