«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ҚОРҒАУШЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

“Заңды жетік білмегендіктен бүгінгі күні қиындыққа ұшырап, тығырыққа тіреліп отырмын. Жұбайым осыдан екі жыл бұрын өмірден өтті. Төрт баламен жалғыз қалдым. Қазіргі тұрып жатқан пәтерімізді ипотекаға алған едік. Несиені уақтылы төлей алмағандықтан, банк мені сотқа беруде. Енді маған адвокаттың көмегі қажет. Көпбалалы әрі жалғызбасты ана ретінде мемлекеттен тегін қорғаушы қызметін талап ете аламын ба?”


Анар АСҚАРОВА,
Петропавл қаласының тұрғыны. 

Газет оқырманының бұл сауалына облыстық әділет департаментінің бас маманы Махаббат Хасанова жауап береді:
– Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Осыған орай еліміздің тұрғындарына тегін құқықтық консультация беріліп, олардың соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мүдделері қорғалады. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға; Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, жәбірленуші; алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар заңнамада белгіленген тәртіппен ала алады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp