«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЗ ТҰРҒЫЗЫЛАТЫН АУРУХАНА САЛЫНУДА

Бүгінде облыс орталығында инфекциялық аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазір құрылысшылар іргетасын құюда. Ғимараттың бір бөлігі модульдік блоктан, екіншісі металл қаңқадан құралмақ. Құрылысқа қажетті барлық дайын материалдар Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілмек. Соның арқасында нысанның құрылысын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік бар.

Жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салып жатқан «KAZPACO» BI GROUP жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұндай нысанды тұрғызуда тәжірибесі жеткілікті. Бұған дейін олар Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында тез тұрғызылған инфекциялық аурухана салды.
Модульдік блоктар мен металл қоршаулар орнатылғаннан кейін жұмысшылар ғимараттың ішкі әрлеуі мен іргелес аумақты абаттандырумен айналысады. Жалпы 350 орынға шақталған ауруханада қарқынды терапия бөлімшелері, компьютерлік томография кабинеті, зертхана мен әкімшілік блок болады. Соның ішінде 200 орын науқастарға, қалғаны медициналық қызметкерлерге арналады. Қазір құрылысқа 200 адам тартылған. Олардың жартысы Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Құрылысқа қосымша жұмыс күшін тарту жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау көзделуде.  

 

Сурет: https://informburo.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp