«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЗ ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ

Облысымыздың халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары іске қосылғалы бері адамдар электрондық форматта 40 мыңнан астам қызметті пайдаланған. Ал жалпы мұндай әдіспен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны 700-ден асады.

– Ақпараттық цифрландыру аясында енгізілген жаңашылдықтар уақытты үнемдеуге көмектеседі, өйткені, құжаттарды жинап жүрудің қажеті жоқ. Тұрғындар электронды-цифрлық қолтаңба арқылы “e-gov” порталындағы барлық қызмет түрлерін пайдалана алады. Цифрлық қолтаңбаны алмаған уақытта бір реттік парольды қолдану мүмкіндігі бар. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі ұялы телефонының нөміріне тіркеледі. Содан ол азамат мемлекеттік қызмет түрін пайдаланатын кезде телефонға пароль жазылған хабарлама келеді. Сол бір реттік пароль қажетті қызмет түрін қолдануға мүмкіндік береді, – дейді халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ермек Жақин.

Электрондық форматтағы қызмет түрлерін пайдаланушылар қатары артып келеді. Алғашқыда оларға кеңес берушілер көмек көрсетеді. Кейін тұрғындардың өздері де саусақтың бірнеше қимылы арқылы керек анықтамаларын алуды үйреніп алады екен.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp