«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЛЕФОНҒА ӘУЕС ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ – АЙЫППҰЛ

Облыс орталығында көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен 3559 жүргізуші жазаланды. Ал облыс бойынша бұл көрсеткіш – 5693.

Тәжірибе көрсеткендей, ұялы телефонмен сөйлесу, жедел хабарлама алмасуға арналған құралдарды пайдалану жүргізушінің көңілін бөледі. Ал жол мұндай қателіктерді кешірмейді. Мәселен, үстіміздегі жылдың алты айының ішінде Петропавл жолдарында 76 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 6 адам көз жұмып, 94-і жарақат алған.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің “Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы” 591-бабын бұзғандарға бес айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынады. Егер бұл заң бұзушылық аталмыш әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде екінші рет қайталанса, онда он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp