«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЛЕФОН ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

 

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Валентина Антонюк хат арқылы облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа “Маған ұялы телефонымды тауып беруге көмектескен аудандық полиция бөлімінің қызметкеріне алғыс білдіруіңізді сұраймын”, деген өтінішін жолдады. 

 

Валентина Антонюк ұялы телефонының жоғалғанын айтып, аудандық полиция бөліміне жүгінген. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкері полиция аға лейтенанты Алтынбек Қанафин қандай да бір дәлел тауып алу үшін аудан тұрғынының жүрген жерін, болған уақытын сұрап тексеруге кірісіпті. Жедел іс-шаралар барысында ұялы телефонды бөтен адам тауып алғаны анықталды. Көп ұзамай телефон иесіне қайтарылды.
Жыл басынан бері облыстың тәртіп сақшылары ұялы телефон ұрлығына қатысты 486 арыз қабылдады. Қазіргі уақытта 323 факті бойынша телефондар заңды иелеріне қайтарылды немесе ұрлаушылар келтірілген шығынды өтеді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp