«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМЕКІ ТАРТЫП, ОПЫҚ ЖЕДІ

Облыста жыл басынан бері 122 өрт шықты, одан келген шығын 16 млн. теңгеден асады. Отта 8 адам қаза тапты, сондай-ақ, 7 адам әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатын алды. Өткен бір аптаның ішінде облыста 10 өрт оқиғасы тіркелді.

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында шыққан өртке үй иесінің төсекте жатып темекі тартқаны себеп болды. Төтенше жағдай орнынан құтқарушылар үш адамды алып шықты.

Петропавл қаласындағы Мир көшесінде орналасқан “ГАЗель плюс” автомобиль қосалқы бөлшектері дүкенінде от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты деп болжануда.

Осы келтірілген мысалдардан-ақ көп жағдайда өртке тұрғындардың өздері жол беретінін аңғаруға болады.

Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау және алдын ала сақтық шараларын жүргізу – сіздің және туған-туысқандарыңыздың өмірін қорғауға, қонысжайыңыздың сақталуына кепілдік береді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp