«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМЕКІ ТҰҚЫЛЫНАН ТҰТАНДЫ

Жыл басынан бері өңірімізде 215 өрт орын алды. Тілсіз жаудан келген шығын 22 миллион теңгені құраған. Өрт 18 адамның өмірін жалмап кетті. Олардың 3-еуі – балалар. Он екі адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. 

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылының Больничный көшесі бойындағы үйлердің бірінде өрт шықты. 45 жастағы үй иесі темекесін сөндірмей, ұйықтап қалған. Әйел есін тек ауруханада жиған. Ол тіпті қайда, қалай келгендігін білмеген. Өртті бірінші болып байқаған көршілері мен жергілікті учаскелік полиция қызметкері түтіннен уланған әйелді үйінен алып шыққан.  

Сол күні екі сағаттан соң Келлеровканың Механизатор көшесінде тұрғын үй өртке оранды. Өрт жылытқыш пештің құрылысында өртке қарсы қауіпсіздік ережелері сақталмағандығының салдарынан болған. Белгілі болғанындай, пеш пен үйдің қабырғасы арасында өртке қарсы құрылғы болмаған. Өрт бір сағат көлемінде ауыздықталды.  

Петропавл қаласының 2-ші Заречный көшесіндегі тұрғын үйдің үшінші қабатында сөндірілмеген темекі тұқылының салдарынан өрт орын алды. 71 жастағы зейнеткер темекіні сөндірмей, ұйықтап қалған. Абырой болғанда зейнеткер дер кезінде ұйқысынан оянып үлгерген. Өртті сөндіру барысында 16 тұрғын, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

  СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp