«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Теміржол билеттері қымбаттайды

Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың теміржол билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды.

«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығыстарын ұзақмерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 159 вагон сатып алған. Олар келесі бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарын жаңартқанын хабарлады: Алматы — Маңғыстау, Нұр-Сұлтан — Сарыағаш, Атырау — Нұр-Сұлтан, Атырау — Алматы, Нұр-Сұлтан — Арқалық, Атырау — Маңғыстау, Алматы — Жезқазған, Нұр-Сұлтан — Семей.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp