Шымкентте жастар мен жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі және Орталық Азия елдерінің командалары арасында халықаралық жарыс өтті.
Орталық стадионында өткен ел біріншілігінде солтүстікқазақстандық Теміртас Сайлау 1500 метр қашықтықта – үшінші, 1000 метрде – екінші, ал 5000 метр қашықтықта бірінші келді.
Жерлесіміз Орталық Азия елдерінің командалары арасында өткен халықаралық біріншілікте де бағын сынады. 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер қатысқан додада Теміртас Сайлау 1500 метр қашықтықта 4 минут 07 секунд уақыт көрсетіп, 3- орынға қол жеткізсе, ал 3000 метрде 8 минут 59 секунд уақытпен екінші болды.
Бәсі биік додаларда облыс намысын қорғап жүрген желаяқ – Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледждің студенті.
(Өз тілшімізден.)