«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІРТАУЛЫҚТАРДЫ СҮРІНДІРДІ

Сенбі күні қаламыздағы “Қарасай” стадионында “Қызыл-Жар СК” құрама командасы Теміртаудың “Болат АМТ” футбол командасын қабылдады. Кездесу алғашқы сәттен тартысты басталды. Біздің футболшыларымыз турнир кестесінде бірінші орында тұрған теміртаулықтардың қақпасын әлсін-әлсін торуылдап, тықсырта шабуылдап отырды. Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылған жоқ.

Екінші таймды да жерлестеріміз сол қарқындарынан таймай, жалғастыра білді. Қарсыластарынан сескенген теміртаулықтар ойын алаңындағы футболшыларын қайта-қайта ауыстыруға мәжбүр болды. Бірақ олардың бұл іс-әрекеттері ешқандай нәтиже бермей, керісінше, ойын тәртібі бұзылып жатты. Ақыры не керек, ойынның 55-ші минутында он бір метрлік айып добы белгіленіп, оны жартылай қорғаушы Али Алиев оңтайлы мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Есеп 1:0.  

Келесі кездесуді қызылжарлық футболшылар алдымыздағы сенбі, күні сырт алаңда Екібастұздың “Екібастұз” футбол командасымен өткізеді. Одан кейінгі матчта “Қызыл-Жар СК” Оңтүстік Қазақстанның “Мақтаарал” командасын қабылдайды.

Қошан ҚАЛИ.

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp