«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІР ЖОЛ – ДАМУДЫҢ БІР ТЕТІГІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Оңтүстік-Орал темір жолының басшысы Анатолий Храмцовпен кездесті.

Кездесу барысында Петропавл темір жол станциясының жұмыс барысы баяндалды. Қазірде Ресей темір жолдарының Петропавлдағы филиалында төрт мыңнан астам адам еңбек етуде. Олардың орташа жалақылары – 270 мың теңге көлемінде. Кәсіпорын жыл сайын облыс бюджетіне 6 млрд. теңге салық төлейді. Бүгінде кәсіпорын Петропавлда орналасқан бөлімшелерінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған. “Инвестициялық бағдарлама аясында өткен жылдан бері вокзалға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл мақсатқа 140 млн. рубль жұмсалды. Биыл қосымша 360 млн. рубль қаржы бөлу туралы шешім қабылданып отыр, – деді Анатолий Храмцов.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов инвесторлардың бұл бастамасын қолдап, өңір тұрғындары мен қонақтарының алаңсыз жол жүруіне барынша жағдай жасау керектігін алға тартты. “Алдағы уақытта вокзалымызда эсколатор пайдалануға беріледі. Мұнда жолаушылардың еш кедергісіз жүріп-тұруына өзге де жағдайлар жасалуда. Біз де өз тарапымыздан вокзал маңын аббаттандыратын боламыз”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Жақында құрылған еркін экономикалық аймақ аясында Таяу Шығысқа жөнелтілетін жүктің 70 пайызының біздің қала арқылы өтетінін ескерсек, темір жол станциялары бұған сақадай сай болуы қажет. Ол үшін қалпына келтіру жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp