
Атақты америкалық былғары қолғап шебері Майк Тайсон боксқа қайта оралуы мүмкін деген жаңалық әлемді кезіп жүр. Бұған оның әлеуметтік желіге жариялаған жаттығу сәтінен түсірілген бейнетаспа мен “боксқа оралуым мүмкін” деген сөзі себеп болған сияқты.
Алайда, кейін 53 жастағы темір Тайсон қалжыңдағанын айтты. Дегенмен, алдын ала ақшасын төлейтіндер табылса рингкке шығудан да кет әрі еместігін білдірді.
Майк Тайсон өзінің спорттық ғұмырында кәсіпқой рингке 58 рет көтеріліп, елуінде жеңіске жеткен. Соның 44-ін нокаутпен ұтқан.