«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕННИС ТЕГІН БОЛУЫ КЕРЕК

Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов қоғамдық қабылдау өткізді. Облыстық мәслихаттың депутаты Ғафура Бөстекова әлеуметтік жағынан әлжуаз отбасының балаларының әмбебап теннис орталығына тегін бару мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

– Теннис орталығында тегін топ жоқ. Ал жаттығу ақысын әлеуметтік жағынан әлжуаз және көпбалалы отбасылардың қалтасы көтермейді. Ай сайын 15 жастағы балалар – 16 мың, 11-14 жас арасындағылар 14 мың теңге төлеуі керек, – деді Ғафура Бөстекова. Дегенмен, 1 желтоқсаннан бастап аталған санаттағы отбасылардың балаларын қамту үшін тегін топ ашылады екен. Қазір жаттықтырушылар құрамы жасақталуда.
–Тұрғындар әлемдік талапқа сай салынған әмбебап теннис орталығының игілігін көруі керек. Тегін топ жүйелі жұмыс істеуі үшін ол облыс бюджетінен қаржыландырылуы қажет, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp