
Қазақстандық журналист Сергей Райлян мен Ресейдің «Match-TV» телеарнасының шолушысы Константин Столбовский қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы фильм түсірді.
Журналистер деректі фильмде 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының және Универсиада чемпионы Денис Теннің өміріне байланысты мұрағаттық кадрларды пайдаланды. Даңқты спортшы жайлы достары мен туыстары, спортшылар мен жаттықтырушылар естелік айтты. Олардың арасында Алексей Ягудин, Илья Ильин, Елена Водорезова, Айгүл Қуанышевалар бар. Еңбек сіңірген спорт шебері былтыр 25 жасында Алматы қаласының орталығында ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.