
Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы үйлердің бірінің төртінші қабатының терезесінен 3 жасар бала құлап кетіп, мерт болды.
Ашық тұрған терезедегі шыбын-шіркейден қорғауға арналған тор сәбидің салмағына шыдамаған. Бесқабатты үйде тұратын отбасының ересек мүшелері сол сәтте үйде болған. Сәби алған жарақаттардан қайтыс болды.