Облыс полицейлері түн ішінде жеке меншік үйдің, құрылысы жүріп жатқан ғимараттың және үш көліктің терезесін сындырған бұзақыны ұстады. Түнгі екі жарым кезінде Петропавл қаласының тұрғыны белгісіз біреу аулада тұрған көлігінің терезесін сындырып кеткені туралы хабарлаған. Сол маңайда кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары қашуға тырысқан күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған 48 жасар петропавлдық болып шықты. Медициналық сараптама оның мас екенін көрсетті.
Былтыр облыс орталығында 85 бұзақылық дерегі тіркеліп, оның 74-інің беті ашылды.
Сурет https://cdn.wallpapersafari.com сайтынан алынды.