«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері өткен жылы техникалық байқау орталықтарына 9 жоспарлы және 15 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде, автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзудың 33 фактісі тіркеліп, 848,4 мың теңге айыппұл салынған.

Өткен жылы 106571 автокөлік құралы міндетті, ал 88941 көлік ағымдағы қарап-тексеруге алынған болса, оның 16,5 пайызы техникалық талаптарға сай келмеуі себебінен байқаудан өтпеді. 2015 жылы көліктердің 15,3 пайызы техникалық жағынан жарамсыз деп танылған.

Бүгінгі таңда облыста 30 техникалық байқау орталығының 42 желісі тіркелген. Олардың 13-і Петропавл қаласында, қалғандары аудандарда орналасқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp