Су түссіз емес пе? Алайда, неге теңіздің түсі көк болады?
Біздің көзімізге көрінетін теңіздің түсі теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің ыдырауынан пайда болады екен. Су күн жарығын біркелкі түрде өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар – спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді.
Сонымен қатар, су көк түсті емес, сия түсті және ультра күлгін сәулені өте жақсы жұтады. Өзге жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге күю ықтималы басым болады.