«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢ ОЙЫН

Елімізде локдаунның аяқталуына байланысты 18 тамыздан бастап футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты қайта жалғасты. 4-тур аясындағы кездесулер Алматы мен Талғар қалаларындағы төрт стадионда көрерменсіз өтетін болып шешілді. Бұрнағы күні «Қызылжар» клубы сырт алаңда жамбылдық «Таразбен» кездесті. Спортсүйер қауымды сағындырған бұл кездесу тең аяқталды. Есеп – 0:0.

Қос клуб арасындағы бұл кездесу нәтижелі болады деп күтілген болатын. Себебі, аталмыш командалар соңғы бес ойында жалпы 5 рет мергендік танытса, қақпаларына 10 доп өткізіп алған. Атап айтқанда, петропвлдық ұжым соңғы кездесулерде көкшетаулық «Оқжетпестен» басым түссе, «Қайрат» пен «Ордабасыға» қарсы матчтарда есеп ашылмаған болатын. Сөйтіп, қарсыластарына қарағанда бір кездесу мен бір ұпайы кем жерлестеріміз турнир кестесіндегі тоғызыншы орыннан көтерілуге дәмелі болғаны сөзсіз. Ал қарсылас команда болса, «Қайрат», «Ордабасы» және «Қайсарға» қарсы өткізген кездесулердің нәтижесінде төрт ұпайға қол жеткізіп, турнир кестесінің бел ортасында жайғасқан. Сондықтан бұл жолғы кездесудің маңызы зор болғаны сөзсіз.

Бірінші таймда петропавлдық команданың сапында өнер көрсетіп жүрген гамбиялық легионер Момоду Сисей бірнеше қауіпті соққы жасағанымен, ойын толықтай жүзеге асыра алмады. Өкінішке қарай, ойында бірде-бір гол соғылмады. Ойын барысында қызылжарлық Делич Урош пен жамбылдық Ньюиадзи Серж ережені өрескел бұзғаны үшін сары қағазбен жазаланды.
Енді жерлестеріміз 22 тамыз күні Қарағанды қаласының «Шахтер» командасымен кездеседі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp