Футболдан бірінші лига командалары кезекті тур ойындарын өткізді. “Қызылжар” сырт алаңда теміртаулық “Шахтер-Болат” командасымен кездесті.
Матч футболшылардың ширақ ойынымен ерекшеленді. Бірінші таймның алғашқы минуттарында қызылжарлық Бошко Ступич есеп ашты. Ал ойынның 57 минутында қарсыластар нәтижені теңестірді. Арада 13 минут өткен соң жерлестеріміз тағы бір голды өз қақпаларына өткізіп алды. Бірақ бұған мойынсұнбаған қызылжарлықтар қарымта шабуылға көшіп, ойынның 93 минутында есе қайтару мүмкіндігіне ие болды. Голдың авторы – Сергей Струков. Кездесудің қорытындысы – 2:2.
“Қызылжар” бұл ойыннан кейін 24 ұпаймен чемпионат кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды.
“Қарасай” стадионында бүгін өтетін ойында жерлестеріміз 28 ұпаймен көш бастап тұрған қызылордалық “Қайсарды” қабылдайды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.