
Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылдың соңында Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде субсидияларды пайдалану, жалақы төлемдері және коммуналдық төлемдер есептеу бойынша аудиторлық тексеріс жүргізді.
Аудит барысында үш қызметкерге 5 740,6 мың теңге көлемінде еңбекақы және 9,2 мың теңге сомасында міндетті зейнетақы жарналары артық аударылғаны анықталды.
Қызметкерлердің 687,9 мың теңге сомасында міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, кәсіподақ мүшелерінің жарналары, жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы аударылмаған.
Сонымен қатар, қызметкерді жұмыстан шығарарда 45,0 мың теңге мөлшерінде пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы мен төрт жұмыс күнінің еңбекақысы төленбеген.
Осылайша, мемлекетке жалпы сомасы 5 749,8 мың теңге шығын келтірген. Аталған заң бұзушылықтар жауапты тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетті. Аудит материалдары қажетті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Талғат КЕНЖЕБАЕВ,
облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.
Сурет https://ktonanovenkogo.ru/ сайтынан алынды.