«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР ЖЫЛЫ

Бірер күннен кейін та­рих қойнауына енетін жылан жылына талдау жасайтын болсақ, толым­ды табыстарымыз бен жеткен жетістіктеріміз аз емес. Негізгі салаларда экономикалық өсімге қол жеткізілді, оның ішін­де республика бойынша өнеркәсіп және өңдеуші секторда – бірінші, сүт өндірісінде – екінші, ауыл шаруашылығы мен құ­рылыс жұмыстарында– үшінші, көтерме саудада бесінші орынға табан тіреуіміз – маңдай тердің ақталғаны, қажырлы ең­бек пен ұйымдастырушы­лық жұмыстардың жемісі деп көтеріңкі көңілмен, мақтаныш сезіммен айту­ға толық қақымыз бар.

Жыл басынан бері шетел­ден инвестиция тарту жоспа­ры екі есеге асыра орында­лып, күрделі ахуалды дер кезінде шешудің нақты іс-шаралары қабылданды. Соң­ғы үш жылда 2,5 млрд. доллар мөлшерінде инвестиция тар­тылды. Қазіргі таңда 894 млрд. теңгенің 51 жобасы іске асырылуда. Өңір эконо­микасы үшін маңызды, пай­далы бағдарламалар барынша қолдау тауып, өз тиімділігін көрсетті. Тұтастай алғанда, өңірдегі экономика­лық өсім 14,1 пайызды құрап, тиісінше өнеркәсіп өндірісі – 20,8, инвестициялар көлемі – 11,9, ауыл шаруашылығы – 10,5, құрылыс – 31,4, сауда 13,3 пайызға артты. Елдегі сүт өнімдерінің бестен бірі облысымызда өндіріледі. Со­нымен қатар кейбір салалар­дың нәтижелерін әлі де арт­тыру қажет. Демек, келесі жыл міндеттемелерін орын­дау барысында ішкі мүмкіндіктер жете ескеріледі деген сөз. Мәселен, алдағы уақытта жалпы өңірлік өнім өсімін 106,5, нормативті жағ­дайдағы жолдардың үлесін 95, ауыл тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу, электрмен және жылумен жабдықтау желілерінің тозуын төменде­ту, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты және атаулы әлеуметтік көмек алу­шылардың үлесін азайту, нақты сектордан салық түсімдерін көбейту секілді іргелі міндеттер тұр.

Тау-кен металлургиясы­ның даму әлеуеті жоғары. Әсі­ресе терең өңделетін өнімдер шығаруға мүмкіндігіміз мол. Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 млрд. долларға жетсе, 80 пайызы өңдеуші кәсіпорындар еншісінде бол­ды. Оның ішінде 19 млрд. тең­генің 11 жобасы жүзеге асы­рылды. Биылғы бағдарламаға 512 млрд.теңгенің 34 жобасы енгізілген. «Қызылжар» арна­йы экономикалық аймағы­ның орны бөлек. Қазір оның құрамында ауыл шаруашы­лығы техникаларын құрасты­ратын «CLAAS», «Reimann», «Сампо», трансформатор шы­ғаратын «Alageum Electric», ламинатталған фанер өнді­ретін «Nord Panels» сияқты шетелдік кәсіпорындар жұ­мыс істейді. Ресейлік «Урал Кран» және «Хлебпром» ком­паниялары жалпы құны 40 млрд. теңгеге жобаланған құ­рылыс жұмыстарына қызу кірісіп, жүк көтергіш жабдық­тар шығарумен және ұзақ сақталатын нан-тоқаш өндірісімен айналысатын болады. Отандық инвестор – «Радуга» ЖШС жалпы құны 11,3 млрд. теңгеге жетеғабыл саңырауқұ­лақ және компост өндіру кәсіпорындарын іске қосты. Дүниежүзіне танымал «Ульт­радекор» атты Катар компа­ниясы ағашты қалдықсыз өң­дейтін және ДСП/ЛДСП, ОСБ плиталарын өндіретін фабрика салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, темір жол саласындағы ірі холдинг­тердің бірі – «Railways Systems» «ЗИКСТО» зауыты­ның базасында жолаушылар вагондары мен вагон-платформалар құрастыруда. Ин­вестиция мөлшері – 24,3 млрд. теңге. Жылдық қуатты­лығы – 3200 вагон. «GREEN ERA COMPANY» ЖШС қуаттылығы 200 МГв-тық жел генераторы паркін салуды белгілеп, оған 3 млрд. теңге бағыттамақ.

Ауыл шаруашылығының елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуеті өте жоғары. 5 жылда оның жалпы өнім көлемі 1,8 есе өсіп, 902 млрд. теңгеге жетті. Әртараптандырудан да көш бастап тұр. Майлы дақылдар алқабы 1 млн. гектарға дейін ұлғайтылды. Соңғы 2 жылда оннан астам заманауи мал шаруашылығы кешені іске қосылды. Фермерлер үшін мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай. Агроөнеркәсіп – ең көп инвестиция құйыла­тын сала болғандықтан, сүт фермаларын салуға мемлекет тарапынан жеңілдетілген не­сие жүйелі түрде беріледі. «BioOperations» ЖШС бидай­ды тереңдетіп өңдеумен Қа­зақстаннан тысқары жерлер­ге де танымал. Оның крах­мал, глютен, биоэтанол сияқ­ты өнімдеріне Бельгиядан, Ұлыбританиядан, Америка­дан сұраныс көп. Облыста бидайдың төрттен бірі, май­лы дақылдардың үштен бірі, жұмыртқаның 11 пайызы, сүт өнімдерінің 23 пайызы өндіріліп, алыс-жақын ше­телдерге жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы өңір экономи­касының айқындаушы драй­вері болып қала береді.

Өңір экономикасындағы тұрақты өсімнің нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызға дейін тө­мендетілді. Жеке кірістердің өсуі 99 млрд. теңге болды не­месе 103,1 пайызға игерілді. Әлеуметтік осал топтарды, аз қамтылған отбасыларды қол­дау бағытында мақсатты жұ­мыстар жүргізіліп, мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді, өтеусіз гранттар беріледі. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда кешенді шаралар ат­қарылды. Қысқы уақытта да қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндіктер жасалды. Әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік түрлері көбейтілді.

Цифрлық даму стратегия­сы одан әрі жалғасады. Бүгін­де елді мекендердің 92,9 пайы­зы ғаламторға қосылған. IT-экожүйеге ерекше көңіл бөлін­бек. 25 мектептің күрделі жөндеуіне 3,5 млрд. теңге бағыт­талды, 46 медициналық пункт тұрғызылды. Соңғы 2 жылда 66 спорттық және 6 мәдени нысан қолданысқа берілді. 590 ауылдың 85 пайызы орталық­тандырылған тіршілік көзімен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін 700-ге жуық жасқа 253 млн. теңге жәрдемақы төленді. 2023-2024 жылдары 1200 шақырым жол қалпына келтірілді. Биыл бір мың шақырым жол асфальт­талды. Оның жартысына жуы­ғы – республикалық маңызы бар жолдар.

Облыс тұрғындарының мүддесіне сай қызмет ету бас­ты бағдарымыз болып қала бе­реді.

Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ,

облыс әкімінің орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp