Мағжан Жұмабаев ауданындағы Веселовка ауылында қамыстан салынған үй өртенді. Қырық шақырым қашықтықта орналасқан Возвышенка ауылындағы №22 өрт сөндіру қосынының қызметкерлері келіп жеткен кезде үй қызыл жалынға оранған еді. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен күреске бірден кірісіп, бар күштерін салғанымен, аумағы 90 шаршы метр үй толығымен өртеніп кетті. Өрттен келген шығын көлемі мен себебі анықталу үстінде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өрттердің алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді.
Сурет https://www.kt.kz/ сайтынан алынды.