“Нұр Отан” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық сайлауалды штабында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Абай Тасболатов мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Абай Тасболатов қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, олар қойған сұрақтарға жауап берді. Келесі күні ол Петропавл қалалық сайлауалды штабында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Бұл кездесуде де партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, Ауған соғысы ардагерлеріне жеңілдік қарастырып, пәтер беру жайында бірқатар сұрақтарын қойды.
(Өз тілшіміз).