«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды.

Өңір аудандары арасында алғаш рет ашылған компьютерлік томография кабинеті “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу, жарақат ауруларын диагностикалық тексеруден өткізіп, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай құралмен медициналық қызмет көрсету құны қымбат тұратындықтан, ауыл тұрғындары үшін сапалы диагностикалық көмек алуға мүмкіндік болмағаны жасырын емес. Компьютерлік томографты орнатудың нәтижесінде алдағы уақытта аудандық ауруханада инсульттік орталық ашу жоспарлануда. Бұл ми-қан айналым жүйесі аурулары бар науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp