
Талдықорған қаласында “Физика” мамандығы бойынша оқитын студенттердің арасында ХІ республикалық олимпиада өтті. Еліміздің он бес жоғары оқу орнының өкілдері бақ сынаған зияткерлік сайысқа М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты.
Үш кезең бойынша өткен олимпиаданың нәтижесінде жерлес студенттер жалпыкомандалық есепте топ жарды. Жекелей сында Бақытжан Бегалин – екінші, ал Бақыт Тәкенов үшінші орынды иеленді. Жігіттерге университеттің оқытушысы Самат Хасенов жетекшілік етті.