«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Топ жарды

Облыстық ішкі істер департаментінің командасы республикалық “Парасатты полиция” байқауында 2-ші орынға ие болды. Бұл шара тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

Павлодар қаласында өткен байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Оған облыстық ішкі істер департаменттері мен Ішкі істер министрлігінің түрлі оқу орындарынан 20 команда қатысты.

Облыстық ішкі істер департаментінің “15-ші өңір” командасы бұл сайысқа Шымкент қаласында өткен байқаудың жеңімпазы ретінде шықты. Команда құрамы осал емес, талай жарыстарда өнерлерімен танылған, егемен еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын терең білетін жандар топтасқан. Команда капитаны қалалық ішкі істер басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімінің полиция сержанты Әлішер Жармағамбетов болса, оның құрамындағылар полиция капитаны Айгүл Сәбитова, аға лейтенант Гариф Хамзаев, аға сержант Рауан Бимақанов, сержант Мейрамбек Мұхаметжанов – полицияда абыройлы қызмет етіп жүрген жандар.

Байқауда біздің команда тамаша ойын үлгісін көрсетіп, жүлделі 2-ші орынды иеленді. Диплом және сыйлықтардан басқа, республикалық “Парасатты полиция” байқауының ауыспалы кубогын жеңіп алды. Облыстық ішкі істер департаменті келер жылы аталмыш шараны ұйымдастырушы ретінде Қызылжар қаласында республикалық конкурстың қатысушыларын қабылдайтын болады.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат

бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp