«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОҒЫЗ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Тайынша ауданының Ильичев­ка ауылындағы («Тайынша Май» ЖШС аумағында) газ жинағышта жарылыс болып, сол маңда тұрған Volvo маркалы газ таситын көлік өртке оранды. Салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, сегізі аурухана­ға жатқызылған.

Оқыс оқиға орнына өрт сөнді­рушілер, полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жедел жетіп, бірлескен күштің арқасында өрт тез арада өшірілді.

Қазір өрттің шығу себептері мен жарылыстың мән-жайы анықталу­да. Жиналған материалдар аудан­дық төтенше жағдайлар бөліміне жолданып, құқықтық баға беріледі. Куәгерлердің айтуынша, газ құю кезінде шланг үзіліп кетіп, оның соңы қайғылы жағдайға ұласқан.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp