«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТРАКТОРДЫ” ТОҚТАТТЫ

Елорданың “Барыс” хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойы­нын Алматыда өткізді. Бұл жолы Челя­бінің “Трактор” командасын қабылдап, 2:0 есебі­мен жеңіске жетті.

“Алматы Арена” спорт кешеніне жиналған 12 мыңнан астам жанкүйер бұл кездесуде екі шайбаның куәсі болды. Командалар алғашқы кезеңде тең ойнағанымен, кездесудің екінші бөлігінде “Барыс” ойыншылары қарсыластың қақпасына екі бірдей жауапсыз шайба салды. Матчтың 22-ші минутында Роман Старченко мер­ген­дігімен көзге түссе, арада екі минут өткенде Ииро Пакаринен есепті еселеді. Осылайша “Барыс” кездесудің екінші бөлігінде-ақ матч тағдырын шешіп тастады.
Бұл жеңісінен кейін 10 ұпайы бар “Барыс” турнир кес­тесінде 6-шы орында келеді. Жерлестеріміз ке­лесі екі ойынын сырт айдында өткізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp