«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУРИЗМ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Кеше Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің  шекаралас өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған XV  форум өз жұмысын бастады.

Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресейдің 11 облысынан 2 мыңға жуық адам қатысуда. «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» тақырыбындағы  форум аясында Теннис орталығында туристік көрме ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы, Ресей Федерациясының  «Ростуризм» агенттігінің басшысы Олег Сафонов және облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.  Жиында атап өтілгеніндей, жыл сайын 3,5 млн қазақстандық  – Ресейде, осынша ресейлік азаматтар – Қазақстанда демалады екен. Көрмеде 40-тан астам компания өз қызметтерін жарнамалауда. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені қарашаның 10-на дейін тамашалай алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp