«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУРИЗМ САЛАСЫНА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ ҚҰЙЫЛАДЫ

 

Өңірдің інжу-маржаны саналып, көркемдігі көз тойдыратын Шалқар-Имантау демалыс аймағы алдағы уақытта адам танымастай өзгереді. 

 

Жыл басынан бері өңірімізге келген туристердің саны 63 мыңға жуық турист келген. Олардың 10,8 мыңы шетелдік. Бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға көп. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова Имантау-Шалқар курорттық аймағында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
– Ішкі туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Имантау-Шалқар курорттық аймағында 10 бағыт бойынша 56 шара жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 23 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек жергілікті кәсіпкерлер 5 млрд. теңге инвестиция құйылмақ. Нәтижесінде инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа қонақүйлер мен демалыс базаларын салу көзделіп отыр, – деді Құралай Амангелдіқызы.
Туристерді көптеп тарту үшін көрікті орындарға апаратын жолдардың тақтайдай тегіс болғаны маңызды. Жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде 170 шақырым жол жөнделетін болып шешілді. Бұл жұмыстарға 5,5 млрд. теңге бағытталды. Қазіргі уақытта екі автокөлік жолында басталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Лобаново-Заря-Әлжан және Ақмола облысының Зеренді ауданын байланыстыратын 30 шақырымдық жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Алдағы уақытта атпен серуендеуге арналған жолдар мен велосипед жолақтары төселеді. Сондай-ақ, шолу алаңы мен туристерге ақпараттық көмек көрсететін визит-орталық салынбақ. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірімізге келетін саяхатшылар санын еселенуіне мүмкіндік бермек. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp