«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туристік сапарлар

2013 жылғы қаңтарда облыстың статистика органдары 2012 жылы алысқа сапар шегу жөнінде темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, мейрамханаларда туристерге іріктеме зерттеу өткізді.

Сауалнамаға 650 респондент қатысты. Олардың 48-і (7,4%) – шетелдіктер, 602-сі (92,6%) – біздің республика тұрғындары.
Гендерлік бөліністе 276 (42,5%) ер және 374 (57,5%) әйел қатысты.
Қазақстан тұрғындары туристік сапарларда 27 075,8 мың теңге жұмсады. Соның ішінде шекарадан тыс аумақтарға сапарға дайындалу кезіндегі біздің азаматтарымыздың туристік шығыстары 2 162,6 мың теңгені құрады. Резидент еместердің шығыстары 2 310,6 мың теңгені құрады.
Келушілер сапарларының негізгі мақсаты таныстарға және туыстарға баруы – 56,9%, іскерлік және кәсіби мақсаттар – 15,7, бос уақыт, рекреация және демалыс 14,6% болып табылды. Басқа да мақсаттар: емделу – 9,2% және өзге де – 3,6%.
Пойыздарда зерттелген келушілердің көп бөлігі темір жол көлігін (жалпы санынан 40%), автобустарды (36,2) және 20,6% туристік автомобильдерін пайдаланды. 2013 жылғы қаңтарда облыстың статистика органдары 2012 жылы алысқа сапар шегу жөнінде темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, мейрамханаларда туристерге іріктеме зерттеу өткізді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp