“Team Kazakhstan” академиясының түлегі – теннисші Дана Байдәулет М.В.Бальваның мемориалына арналған турнирдің жеңімпазы атанды.
Аталмыш дода Украина астанасы – Киев қаласында өтті. Турнирдің ақтық кезеңінде отандасымыз Олеса Ревваны 7:5, 7:5 есебімен жеңіп, жекелей сында топ жарды.
Ол жұптық ойын кезіңде де сәтті өнер көрсетті. Дана Байдәулет/Дарья Журид жұбы финалда Олеса Ревва/Анна Медведева жұбынан 6:3, 7:6 есебімен басым түсті.