«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУЫСТАРЫНА ХАТ ЖАЗДЫ

Өңіріміздегі ЕС-164/6 мекемесінің психологиялық қызметі сотталған әйелдердің көңіл күйі жайлы болуы үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Сын сағатты бастан өткеріп жатқан әйелдер үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Жуырда ұйымдастырылған «Туған-туыстарына хат» акциясына жазасын өтеушілер белсене қатысты. Олар аналарына, балаларына, туған-туысқандарына және жақындарына хат жазып, ішкі сырларын қағаз бетіне түсірді.

 Психологтер хат жазғандарды жинап, түрлі жаттығулар жасады. Әуелі денелерін жаттықтырып, белсенділіктерін арттырғаннан кейін алдын-ала әзірленген шарларды таңдатқызды. Таңдалған шардың түсі сотталушының сол сәттегі көңіл-күйі мен эмоционалдық жағдайын көрсетеді. Одан кейін әр қатысушы жазған хатын дауыстап оқыды. Олардың әр сөзінен туған-туысқандарын сағынғаны, өз кінәсін ұғынғаны сезілді. Жасаған қателіктері үшін кешірім сұрап, балалардың тағдыры мен ата-аналарының денсаулығы үшін алаңдайтындықтарын, бостандыққа шыққаннан кейін жасаған қателіктерін қайталамай, жайлы өмір сүретіндерін жазыпты.
Хатты оқығаннан кейін қолының суретін салып, оған армандарын жазды. Олар армандарының орындалатынына шынайы сенді. Акцияны өткізудегі көздеген мақсат та осы еді. Жазасын өтеушілер психологтерге жақын адамдарымен «сырттай» тілдесуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын айтты.

Сурет https://www.dw.com/ сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp