(Жалғасы. Басы газетіміздің 14 шілдедегі нөмірінде).
Іні – өзінен кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).
Сіңлі – қыздар мен әйелдерден жасы кіші әйел адам (қыз).
Бауыр – бірге туысқан жақын адамдар.
Жамағайын – аталас, ағайын адамдар.
Жеңге – ағаның әйелі.
Келін – баланың немесе інінің әйелі.
Қайын жеңге – күйеу жігіттің қайнағасының әйелі.
Қайын келін – күйеу жігіттің қайын інісінің әйелі.
Балдыз келін – бірге туған бауырына тиген әйелінің сіңлісі.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
(Жалғасы бар).