М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен “Туған жер – тұнған тарих” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова қатысып, студенттерге өңіріміздің киелі жерлері жайлы айтып, жерлес ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.
“Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің менеджері Сәуле Кереева туған өлкені дамыту үшін оны тынымсыз зерттеу керектігін айтып, жиналғандар назарына өңір тарихынан сыр шертетін бейнематериал ұсынды. Конференция барысында студенттер де тәуелсіздік жолында күрескен азаматтардың ерлігін тілге тиек етіп, туған жерге тағзым ету, тарихқа құрмет көрсету әр адамның міндеті екендігіне тоқталды.
Алина НҰРТАЗИНА, “Soltústik Qazaqstan”.