«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН КҮНІНЕ ТАРТУЫ

Солтүстікқазақстандық Әскер Қожанов Астана қаласындағы “Алатау” спорт сарайында өткен республикалық марафонда абсолюттік жеңімпаз атанды. Аталмыш жарыста Қазақстан мен Ресейдің 48 желаяғы бәсекенің көркін қыздырып, көрермендер мен жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

“Self-transkendence” халықаралық бағдарламасы аясында өткен марафон барысында сағаттап сайысқан әуесқойлар мен ардагерлер 6 және 12 сағаттық қашықтыққа жүгіріп, сынға түскен болатын. Бәсекелі сайыста өңір намысын қорғаған “Надежда” әуесқойлар клубының мүшесі, Жамбыл ауданының Ольговка ауылының тумасы Әскер Қожанов 12 сағаттық кезеңде белгіленген уақытта манежді 600 рет айнала жүгіріп, 120 шақырым 78 метр қашықтықты бағындырған.  

Жарысқа бір жарым ай дайындалған жерлесіміз осы жолы да жеңімпаздар қатарында болатынына еш күмәнданбаған. Ақыры көздеген мақсатына жетіп, өз туған күніне тамаша сыйлық жасаған. Жерлесіміз соңғы 15 жылдың ішінде 82 марафонда бағын сынаған. Тоғыз рет кубок иегері, 29 рет әртүрлі дәрежедегі медальдарға ие болған.

(Өз тілшіміз).
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp