“Жамантұз” колхозының колхозшылары социалистік жарысты өрістетіп, “стахановша” жұмыс істеп, Гитлер бандыларын қиратып жатқан Қызыл армияға көмектесуде.
Колхозшы Сейітжан Қазбаев барлық күш-жігерін Отан соғысының мүддесінде жұмсауда. Шөп шабу нормасын үнемі 150 процентке жеткізсе, енді асырып орындап жүр. Сол сияқты колхозшы Сәкен Ахметов нормасын 150-180 процент орындады.
Мұнымен бірге “Жамантұз” колхозының қыздары Қазақстанның алдыңғы қатарлы қыздарының бастамасына қосылып, жаңа мамандықты меңгеру үстінде. Қазірдің өзінде Отан үшін майданға кеткен аға-әкелерінің орнын басуға “Жамантұз” колхозынан МТС-қа барып, 6 қыз оқып жатыр. Оның үстіне Сейтжанова, Жүсіпбекова сияқты қыздар тракторшылық мамандықты меңгеруде ынталарын көрсетуде. Сөйтіп, “Жамантұз” колхозының колхозшы қыздары жаңа мамандықты меңгеріп, колхозшылар еңбек өнімділігін арттырып, тылды нығайта бермек.
(“Ленин туы” газеті,
21 тамыз, 1941 жыл).