«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫРНАҚ КҮТІМІ

Сырт көзге әдемі көріну үшін тек қана бет әлпетті күту аздық етеді. Сондықтан да қол терісіне, тырнаққа да назар аударып отыру керек. Көбіне қыс кездерінде тырнақтарымыз жұқаланып, қабаттанып, сынып та жатады. Жоғалтқан сұлулық пен саулықты қайтарамын десеңіз, жалқауланбай, қолыңызға жиі маска жасап, крем жағып тұру керек. Осы мақсатта тырнақ күтіміне арналған маскалардың бірнеше түрін ұсынамыз.

1. Қайнап тұрған судың үстіне кішігірім ыдыс қойып, 1 ас қасық зәй-түн майын қыздырыңыз, оған 3-4 тамшы лимон шырынын қосыңыз. Қоспаны тырнақтарыңызға уқалай отырып жағыңыз. Үстінен мақтадан тігілген қолғап киіп, бір түнге қалдырыңыз. Аптасына 1-2 рет істеген абзал. Бұл қоспа тырнақты қатайтады.

2. Жарты шай қасық үгітілген қызыл бұрышқа 1 шай қасық кез келген майлы крем мен 10 тамшы су қосыңыз. Қоспаны су буына қыздырып, тырнақтарыңызға жағыңыз. Масканы 20 минутқа қалдыру керек. Уақыт өткеннен кейін қолдарыңызды жуып, қатайған тырнақтарыңызды тамашалаңыздар. Масканы айына 1 реттен жиі қолдануға болмайды.

3. 4 г. ара балауызын су буына ерітіп, пісірілген жұмыртқаның сарысын майдалап қосыңыз. Қоспа қоюланбағанша оған шабдалы майын қосып отырыңыз. Осы қоспаны күнделікті қолданып отырсаңыз, тырнақтарыңыз берік, ал қол теріңіз жұмсақ болып шығады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp