Облыстық психоневрологиялық диспансердің фельдшері Любовь Сосникова төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесіп, дәріс өткізді.
Құтқарушылар кез келген көмекті жылдам әрі білікті көрсете білулері керек. Олар дабыл қағылған жерге аттанған кезде алдарында не күтіп тұрғанын білмейді. Мәселен, оқиға орын алған кезде үйде психикалық ауруға шалдыққан адам жалғыз қалса, оған есікті ашқызу оңай емес. Ауру адам оқиға кезінде, тіпті, есінен айрылады. Олардан кез келген әрекетті күтуге болады.
Любовь Владимировна құтқарушы оқиға орнына жеткен кезде қорқыныш сезімін байқатпай, іс-әрекетті сенімділікпен атқару қажеттігін айтты. “Алдында сабырлы, қамқоршы жанды көргенде ғана қиын жағдайға душар болған адам есін жинай бастайды. Құтқарушы, ең алдымен, зардап шегушіні оқшаулап, адамның өз-өзіне қол жұмсау құралы болуы мүмкін өткір заттарды қолдарынан алғаны жөн. Құтқарушылар жұмыс бабында жақсы психолог та болу керек”, – деп өз тәжірибесінен біраз оқиғаларды мысалға келтіре отырып, кеңес берді.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.